«Елтаңба нобайы қалай жасалды» атты ой-талқы
18.04.202218 сәуір күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Рәміздеріне 30 жыл толуына орай, Елтаңба авторы Ж.Мәлібековтың «Қазақстан елтаңбасы» кітабынан «Елтаңба нобайы қалай жасалды» атты ой-талқы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Шараға аудандық оқушылыр үйінің оқушылары мен жетекшісі
З. Әлімбекова қатысты. Кітапханашы М.Бибасарова шараны ҚР Гимнімен бастап, оқушылар Ж.Мәлібековтың «Қазақтан елтаңбасы» кітабынан елтаңбаның қалай жасалғаны жайлы ой-пікірлерін білдірді. Рәміздер жайлы бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға арнайы жасалған елтаңбаның құрылысы туралы слайд көрсетілді. Шара соңыңда оқушыларға ел рәміздеріне арналған сұрақтар қойылып, оқушылар шара барысында ойларына түйгенін айтып берді.