«Жан еді өлең үшін дара туған» атты ертеңгілік

15.04.2022 Выкл. Автор editor
«Жан еді өлең үшін дара туған» атты ертеңгілік

2022 жылдың 15 сәуір күні Бірлік ауылдық кітапханасы Сұлтанбек Қожанов атындағы N55 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Толқын Әкімбаевамен бірлесіп ақын Адырбек Сопыбековтың 85 жылдығына орай «Жан еді өлең үшін дара туған» атты ертеңгілік өткізді.

Мақсаты: Балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың өмір жолы мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау арқылы туған жерді сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу және танымдық қабілетін дамытып, өлеңдерді мәнерлеп оқи білуге, өз өйын көркем бейнелі сөздерді қолданып жеткізе білуге үйрету, сенімділік қарым-қатынас орнату.

Шара барысында кітапханашы К.Сұлтанбаева шараға қатысушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Т.Әкімбаева ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд арқылы мағлұмат беріп, оқушылар  ақынның шығармаларынан өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп өз өнерлерін ортаға салды. «Кітаппен келген шабыт» атты квест ойыны ойнатылды. Онда балалар ақынның «Сапар мен парта» атты мысал өлеңінен берілген қобдишадағы сұрақтарға мұқият жауап берді. «Бірік, ойлан, тап!» әдісі арқылы топтарға бөлініп, өлең туралы ойларын тірек сөздерді пайдалана отырып сипаттады. Өздері оқыған ертегі кітаптардан (Үш аю, Кірпінің құпиясы, Бала айдаһар», Дудар қыз, Патша мен бүркіт) кейіпкерлердің суретін салып, олардың іс-әрекеті мен мінез- құлқын сипаттап сыртқы келбетіне баға беріп, өз ойларын жеткізе білді. Оқушылар «Менің әліппем», «Көзілдірік», «Кітап», «Сурет салдым» атты ақынның өлеңдерін мәнерлеп  жатқа оқыды. Ақын сөзіне жазылған «Ақ гүлім» атты әнді шырқаған М.Саматқызы мен Ә. Кәусар көрермен көзайымына айналды.