«Өмірге риза болып, алғыс айт!»

30.03.2022 Выкл. Автор editor
«Өмірге риза болып, алғыс айт!»

Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күніне орай » Өмірге риза болып, алғыс айт» атты онлайн форматта өнеге сағаты болып өтті.

Шараның мақсаты балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,

үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту,

әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Шарада оқушыларға кітапханашы «Алғыс айту» жайлы түсініктеме берді. Оқушылар ата-анаға, ұстазға «Алғыс айтамын» атты челленджды жария етті. Кеш қонағы клуб үйінің сүйемелдеушісі Ж.Түменбаева «Жақсы адамдарым» атты әнін орындады. 5 сынып оқушылары Шәкәрім мен Мағжан «Балбырауын» күйін орындады.