«Ұлпан» романы бойынша оқырмандар конференциясы

31.03.2022 Выкл. Автор editor
«Ұлпан» романы бойынша оқырмандар конференциясы

Келінтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғ.Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлпан» романы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты қазақ әдебиеті тарихындағы әйелдер бейнесінің этолонына айналған аналардың анасы бола білген, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, Ұлпан ана бойындағы  қазақи қасиеттерді жас буын жастарға үлгі ету, насихаттау

Шара барысында оқырмандар кітапты талдай отырып, өз пікірлерімен бөлісті. Оқушылар «Қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық, мейрімділік қасиеттердің барлығы Ұлпан анамыздың бойынан табылатындығын, Есенейдің ер мінезділігін Бекен Сүндет баяндап берді. «Талғамы биік қаламгер» атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылып, кітапханашы Уалишерова шолу жасады.