«Пайғамбар аттас ақын» танымдық сағат

29.03.2022 Выкл. Автор editor
«Пайғамбар аттас ақын» танымдық сағат

Сүттіқұдық ауылдық кітапханасында  2022 жылдың  29 наурызында жерлес ақынымыз Жүсіп Қыдыровтың туылғанына 85 жыл толуына орай «Пайғамбар аттас ақын» тақырыпта танымдық сағат өткізілдіі.

Шараның мақсаты: ақын Жүсіп Қыдыровтың өмірбаяны мен шығармаларын насихаттау, оқушыларға тереңірек таныстыру.

Шараға кітапхана оқырмандары қатысып, ақынның өмірі жайлы шығармаларынан мағлұмат алды. «Пайғамбар аттас ақын – Жүсіп Қыдыров» тақырыпта кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге ақынның «Жайсаң жаз», «Гүл ашқан шақ» , «Мың бір күн» , «Ақ боз атты ақын» атты кітаптарына шолу жасалды. Ақын бұл кітаптарында замандастарының жан байлығын, сүйіспеншілік сезімін, сұлулықты,әдемілікті жыр етеді.