«Сегіз қырлы, бір сырлы тұлға» атты библиопост

29.04.2022 Выкл. Автор editor
«Сегіз қырлы, бір сырлы тұлға» атты библиопост

Жаңақорған аудандық кітапхананың, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен көрнекті қоғам қайраткері, сәулетші  Шот-Аман Уәлихан 90 жыл толуына орай «Сегіз қырлы, бір сырлы тұлға» атты библиопост ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақстан мен одан тысқары мемлекеттерге танымал сәулетші, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, көптеген ғылыми-танымдық еңбектердің авторы, халыққа сыйлы азаматттың шығармаларын насихаттау. Оның төл туындысы – егемен еліміздің таңбасы Қазақстанды әлемге танытқандығын айту.

«Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», «Отан», «Даңқ» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов.

Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты. Бұл қатарда Елорда төріндегі Кенесары Қасымұлы, Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы, Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың, ШҚО-дағы хакім Абай мен Шәкәрімнің, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова, Əліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Нұрмолда Алдабергенов, Талғат Бигелдинов, Жұмағали Саин, Тайыр Жароков, Тахауи Ахтанов, Əбу Сəрсенбаев, Дінмұхамед Қонаев, Тілес Қажығалиев, Құрманай Омарова, Нұрғали Тасмағамбетов, Шафик Чокинге арналған туындынылары бар.

Сол сияқты Алматыдағы «Динамо» стадионы, Алматы қаласы əкімдігінің, қазақ-неміс университеті ғимаратының, Қарағандыдағы Космонавтика монументі сынды еңселі нысанның жобасын жасады.

Сегіз қырлы, бір сырлы ағамыз еліміздің сәулет және бейнелеу өнерінің өзекті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақаламен қатар бірқатар драмалық шығарма жазды. Олардың қатарында «Тағдыр», «Шоқанның анты», «Ақнұр», «Шоқанның ақ түндері», «Террор» атты пьесасы бар.