«Ерлік — ұрпаққа ұран»  тақырыбында кітап көрмесі

06.05.2022 Выкл. Автор editor
«Ерлік — ұрпаққа ұран»  тақырыбында кітап көрмесі

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мамыр айының 6-сы күні  «Парасат жолы» жобасы аясында 9 — мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік — ұрпаққа ұран»  тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы түсінік беру; туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру; ата — бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі — өнеге тұту; елжандылыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Кітап көрмесіне мектеп оқушылары қатысты. Кітап көрмесіне соғыс тарихынан сыр шертетін кітаптар, суреттер, плакаттар қойылды.  Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер берілді.  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер туралы және Қызылорда облысы бойынша майданға аттанып, содан қайтып оралмаған боздақтар жайында айтылды. Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің, тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік ерлігі тарихта өшпестей із қалдырып, халқымыздың жадында мәңгілік сақталады.