«Салауатты  жас  ұрпақ – қоғам байлығы» атты тренинг

28.04.2022 Выкл. Автор editor
«Салауатты  жас  ұрпақ – қоғам байлығы» атты тренинг

2022 жылы 28 сәуір күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №56 орта мектепте, сол мектептің оқушыларының қатысуымен «Салауатты  жас  ұрпақ – қоғам байлығы» атты тақырыпта тренинг болып өтті.

Мақсаты: Келешек ұрпақтың рухани дамуына, өзін-өзі тануына және жеке тұлғалық артықшылығын түсіндіріп, өмірге деген көзқарасын өзгертуге, «Суицид» ұғымын меңгеріп, өз-өзіне қол салудың алдын алу, өз уақытында психологиялық, салт-дәстүрлік көмек көрсетуге оқушыларды баулу.

Бүгінгі таңда  балалар мен жасөспірімдер  арасында суицид , яғни  өзіне- өзі қол жұмсау арқылы өз өмірлерін  қию  оқиғаларының күннен күнге  белең алуы  бүкіл жаһандық қоғамдық  мәселеге  айналып отыр.  Психологиялық тұрғыдан  санасы әлі пісіп  жетілмеген жасөспірім  өзін-өзі қол жұмсау  арқылы өз мәселемді шешемін, бұл мен үшін  қиындықтардан дағдарыстан шығудың  жолы деп  ойлайды.  Бала өзіне қол жұмсау арқылы  ата – аналармен, педагогоктармен, құрдастарымен , өзімен дауласуда  соңғы дәлелге жүгінеді  мектеп психолыгы  Әбдірахманова Айна апай оқушыларға  Суицид жайлы біраз мағлұмат беріп өтті. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.  Кітапханашы Қ Айдосова оқушыларға бір — біріне жақсықарым — қатынаста  сабақтарын жақсы оқуға шақырды.