«Өмір жолы өнеге» атты кітап көрмесі

24.06.2022 Выкл. Автор editor
«Өмір жолы өнеге» атты кітап көрмесі

24 маусым күні Жаңақорған аудандық кітапханасы Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Өмір жолы өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ақселеу Сейдімбек қазақ әдебиеті мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, төл тарихымызға жарқын қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Қазақ күй аңыздарын зерттеп, этнография саласына, оның ішіндегі қазақты тану, ұлттық руханиятты білу әлемін зерттеді. Ондаған монография мен ғылыми еңбектердің авторы. Ақселеу ағамыздың ұлт руханиятына мол мұра қалдырған тұлға. Кітап көрмемізде қаламгердің «Сонар», «Аққыз», «Серпер», «Қазақ әлемі», «Мир казахов», «Алты томдық шығармалар жинағы», «Күңгір-күңгір күмбездер» атты кітаптар мен мақалалар насихатталды.