«Bookdating» — кітап көрмесі

08.07.2022 Выкл. Автор editor
«Bookdating» — кітап көрмесі

8 шілде күні Жаңақорған аудандық  кітапханасы орталық саябақта «2022 жыл — Балалар жылына» орай және де «Саябақтағы кітап» жобасы аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қуыршақ театры», «Bookdating» — кітап көрмесі, және де жерлес ақын А.Сопыбековтың өлеңдерін және қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп оқу шарасы орталық саябақтағы демалушыларға ұсынылды. Шара  оқымайтын және кітапқа қызығушылығы төмен балаларды кітап оқуға шақыру мақсатында және бүкіл жазды кітаппен бірге өткізуі үшін ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілқайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов және  30 бала ата-анасымен қатысты.

Шараға белсене қатысқан барша балаларға жеке кәсіпкер Олжас Әлиханов демеушілік жасап, тегін паравозға отырғызылды. Шара 30-тамызға дейін жалғасады.