«Жасөспірім, жаман әдеттерден аулақ бол!» атты пайдалы кеңес сағаты
22.07.2022Бірлік ауылдық кітапханасы 2022 жылдың 22 шілде күні оқырмандар назарына 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күніне орай, нашақорлықтың алдын алу, балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында оқырмандар назарына «Жасөспірім, жаман әдеттерден аулақ бол!» атты пайдалы кеңес сағатын ұсынды. Шолу барысында нашақорлықтың алдын алу бағыттарының бірі ретінде оқырмандарды нашақорлық туралы шынайы ақпаратпен таныстыру бағытында Нұрбек Қайырмұхаммедтің құрастырып дайындаған «Апатқа апарар үш індет(темекі, арақ, есірткі), Т.Қ. Бектеген мен С.Смағұлұлының «Адамзаттың қас жауы — нашақорлық, араққарлық», Жандар Керімбектің Ермаханының « Зиянды әдеттердің ұрпақ тағдырына әсері және денсаулық» атты кітаптарға шолу жасалды.