«Конституция — тәуелсіздіктің алтын діңгегі» атты кітап көрмесі
27.08.20222022 жылдың 27 тамыз күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 30 тамыз — Конституция күніне орай «Конституция — тәуелсіздіктің алтын діңгегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата Заңымыздың қалыптасуы, маңызы мен тарихи рөлін оқырмандарға таныстыру.
Көрмеге кітапхана қорынан Тәуке ханның тұсында қабылданған «Жеті жарғы», қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы: мемлекет тарихы мен құқығы туралы әдебиеттер, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен шығарылған «Қазақтың ата заңдары» 10 томдық құжаттар, деректер және зерттеулер, С.Табанов пен А.Оразованың «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата Заңдарының (Конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы», Өмірәлі Қопабаевтың «Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы» атты еңбектері, қолданыстағы Конституция, т.б.кітаптар қойылды. Кітапханашы К.Сұлтанбаева «Конституция — тәуелсіздіктің алтын діңгегі» көрмесімен танысытырып, ел тәуелсіздігі жылдарында жарыққа шыққан құқық саласындағы әдебиеттердің маңыздылығын атап өтті. Шараға қатысқан клуб үйінің қызметкерлері Ата заң төңірегіндегі құқықтық мәселелерге тоқталып, өзара пікір алмасты.
Көрмеге қойылған шығармалар Қазақстан Конституциясының құрылуы мен дамуы призмасы арқылы мемлекеттігіміздің 30 жылдан астам тарихын көрсетеді Шараға қатысушылар ел азаматтары үшін негізгі саяси құжат болып саналатын Конституция арқылы өздерінің заңды қорғалуын сезінетіндей мол мағлұматтар алды.