«Конституция  — келешек кепілі»  атты танымдық кеші

26.08.2022 Выкл. Автор editor
«Конституция  — келешек кепілі»  атты танымдық кеші

26 тамыз күні  аудандық балалар кітапханасының коворкинг орталығында  30 тамыз –Конституция күніне орай  «Конституция  — келешек кепілі»  атты танымдық кеші өткізілді.

Мақсаты: Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің құжатын құрметтеуге үйрету. Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту. Шараны кітапханашы М.Бибасарова  Конституция күнімен құттықтап ашып беріп, жүргізіп отырды. Шараға қатысқан кітапхана оқырмандары әнұран шырқап, еліміз туралы сұрақтарға жауап беріп,   Ата заңымыз туралы тақпақтарын жатқа оқыды. Кітапханашы М.Бибасарова «Ата Заңым  — айбыным» атты кітап көрмесімен,  Конституцияның 9 бөлімі мен 98 бабын қысқаша айтып, таныстырып  өтті. Кеш соңында кітапхана оқырманы Б.Бейбіт  «Тепеңкөк» күйін орындап берді.