«Махаббат қызық мол жылдар» кітабына талдау

12.10.2022 Выкл. Автор editor
«Махаббат қызық мол жылдар» кітабына талдау

 

Сүттіқұдық ауылдық кітапханасында 2022 жылдың 12 қазан күні Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына орай «Махаббат қызық мол жылдар» кітабына талдау өткізілді.

Мақсаты: Жастарды жазушының өмірі мен шығармаларымен тереңірек таныстыра отырып көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.

Шараға №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушылары қатысып, шығарма желісі бойынша талдау жасады. Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы махаббат тақырыбының алар орны ерекше. Оның ең алғашқы романы достық пен махаббатқа, жастық пен жалынға, адалдық пен тазалыққа негізделген бұл шығарма шыққан уақытта бірден көпшілік тарапынан аса қызығушылықпен қабылданды. Бұл шығарма үшін жазушыға халықтан, оның ішінде әсіресе, жастардан мыңдаған хат келген. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ұрпақтардың жүрегін әлі күнге дейін толқытып келеді. Роман кейіпкерлері — өмірдің қиын жолдарынан өтіп, өздерінің асыл мұраттарына дақ түсірмей, кіршіксіз сақтай білген адал жандар.