«Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында тақырыптық сағат
22.10.2022Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында тақырыптық сағат өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды өз отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
— Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.
Шарада оқушыларға Қазақстан Республикасы, оның тәуелсіздігі, туы, елтаңбасы, әнұраны жайында мағұлматтар берілді. «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға ұсынылды. 1990 жылы 25 қазанда Жоғары Кеңестің қаулысымен Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданғаны, онда тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің тұтастық, аумақтардың бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, Қазақстан халықтары мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты қағидаттары жайлы айтылды. Мерекеге байланысты өлеңдер оқылды.