«Ахмет Байтұрсынов — қазақ халқының ұлы көсемі»

01.11.2022 Выкл. Автор editor
«Ахмет Байтұрсынов — қазақ халқының ұлы көсемі»

2022 жылдың 1 қарашасы күні Бесарық ауылдық кітапханасында  ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдығына арналған   «Ахмет Байтұрсынов — қазақ халқының ұлы көсемі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Әлеуметтік желі оқырмандарына «Ұлттың ұлы ұстазы» атты бейнеролик ұсынылды.  Мақсаты: Ұлы тұлғаның қайраткерлік өмірі мен ағартушылық, ғылыми, әдеби бай мұрасымен таныстырып,  өскелең ұрпақтың бойына патриотизм сезімін қалыптастыру, өз отанына, тарихына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту.

Биыл  ұлтымыздың  ұлы ұстазы, әдебиет зерттеуші ғалымы, ақын, жазушы,түркітанушы,аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына  150жыл. Қазақ елінің тарихында зор бетбұрыс жасаған өзгерістердің ұйытқысы бола жүріп, қазақ халқының мұң-мұқтажын көздеген мақалалар мен өлеңдер жазады, бүкіл саналы ғұмырын халықтың білімін, рухани санасын көтеріп, маса болып шағып оятуға арнайды. 1913-1918 жылдары өзінің сенімді достары Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатпен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарады. Осы шақта «Алаш» қозғалысын жандандыруға атсалысады.  А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тіліне икемдеп,қазақ әліппесін құрайды. Ол «Оқу құралы» деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылып шығады.  А.Байтұрсынұлының әліппесі  көпшілікті жаппай сауаттандыру ісінде үлкен рөл атқарады, қазақ балаларының  ана тілінде сауат ашуына көп көмегі болады.  1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазады. Ол «Тіл құралы» деген атпен шығады, сөйтіп тіл біліміне өлшеусіз зор үлес қосты. А.Байтұрсынұлының әдеби қызметі қоғам қайраткерлігімен біртұтасып кеткен. 1929 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге тұтқындалып, Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. 1934 жылы босатылып Алматыды түрлі қызметтер атқарады.1937 жылы тағы да қамауға алынып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады. 1938 жылы Алматыда қаза табады.  Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу жолында аянбай тер төккен ,өнегелі өмір жолы бүгінге үлгі,ертеңге аманат.