«Қараш- қараш»

28.10.2022 Выкл. Автор editor
«Қараш- қараш»

2022  жылдың  28 қазан  Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық  кітапханасының  ұйымдастыруымен  Жазушы М.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қараш- қараш» оқиғасын талдау сағаты өтті. Мақсаты: Мұхтар Әуезовтың өмір жолы мен шығармашылық қызыметі жайлы мағұлмат бере отырып, жазушының  әлемдік  мәдениетке қосқан  үлесі туралы оқушылардың білімдерін  жетілдіру.  Жазушының  қаламынан  туындаған көркем  әдебиет  туындылары жайлы білімдерін қалыптастыру. Әлемге әйгілі, біртуар жазушы,  туындының  иесі  Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын  дәріптей  отырып,  оқушыларды елін  жерін  сүюге, алдынғы буын әдебиет өкілдерін  құрметтеп, олардың  шығармашылығын  терең меңгеріп, ұлттың қамын жейтұғын, отан сүйгіш, ұлтжанды тұлға қалыптастыру  барысында, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білуге тәрбиелеу.                                                                                                                                    Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам  қайраткері  Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы  ХХ ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс- тіршілігін, арман-мақсатын,тарихи болмысы мен бүгінгі  келбетін көрсетіп береді . Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс тіршілігін, әлеуметтік жағдайын суреттеуге басымдық  берсе, 20-жылдардың ортасында қарай жазылған еңбектерінде  ұлт  тағдырына деген  алаңдаушылығы байқалды.

Шараға №208 орта мектебінің оқушылары қатысып, М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесіндегі «Бақтыгүл бейнесі»,  «Қарақ-қараш» повесіндегі болыс- билердің  сипатталуы, табиғат көріністерінің сипатталуы деген  сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылды. Кітапханашы  Ш.Әлжан  «Қазақ әдебиетінің тарланы — Әуезовы» атты кітап көрмесімен таныстырды