«Салауатты жастар — салауатты қоғам»

01.12.2022 Выкл. Автор editor
«Салауатты жастар — салауатты қоғам»

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру ұстаздар алдында тұрған үлкен мәселе демекші, бүгін №3 мектеп интернатының 9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан — Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың қатысуымен «Салауатты жастар — салауатты қоғам» атты денсаулық сағаты, «Қатерлі дерт — ғасыр індеті» атты кітап көрмесі өткізілді. «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының» дәрігері Тотаева Раушан оқушыларға СПИД-тің пайда болуын, таралу жолдарын, зиян екенін түсіндіру, нашақорлықтан бойларын аулақ ұстауға үйретуді, әр оқушы аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу керек екенін, салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алу туралы оқушыларға түсіндерме жасады.

Мақсаты: Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.