«Тәуелсіз елім – Қазақстан»
14.12.20222022 жылдың 14 желтоқсан күні Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық кітапханасы «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты әдеби оқу өтті. Мақсаты: Елімізді тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, оқушылар «Желтоқсан», «Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік тірегім» атты өлеңдерін оқыды. Шара барысында кітапханашы «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты кітап көрмесімен таныстырып шараны қортындылады.