«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кітап көрмесі
23.01.20232023 жылдың 23 қаңтар күні №1 кенттік кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрменің мақсаты: Оқырмандарға қоғамда болып жатқан өзгерістерге өз ойларын жеткізе білуге, өз құқықтарын жете білуге, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің заңдарын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Кітапханашы тақырыпқа сай баяндама жасап, қазіргі жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетінін ашық жеткізіп, ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырғаны туралы айтып өтті. Көрмеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2008, 2016, 2017 жылғы қазақша, орысша томдық кітаптары, суреттер, көрнекіліктер қойылды.