«Екі лақ» ертегісінен қуыршақтар қойылымы

25.01.2023 Выкл. Автор editor
«Екі лақ» ертегісінен қуыршақтар қойылымы

25 қаңтар күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Екі лақ» ертегісінен қуыршақтар қойылымы өткізілді.

Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы кітап оқуды насихаттау, адалдыққа, адамгершілікке баулу, қуыршақ қойылымын көрсету арқылы бүлдіршіндердің танымдық белсенділігін арттыру.

Шараға «Сағыныш-Ш» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысты. Шараны бөлім басшысы М.Жиенбаева ашып, кітапханамен таныстырып,  кітапханашылар «Екі лақ» және «Қоян мен түлкі» ертегілерінен қойылым қойып берді.  Балалар ертегі туралы өз ойларын айтып, кітапханашы Ж.Тулешова суретте бейнеленген ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, М.Бибасарова балаларға «Тышқан, мысық пен ит» атты ертегі оқып берді. Балалар да өз кезегінде  өнерлерін көрсетіп ән айтып, би билеп, тақпақ  айтты.