«Сиқырлы кітаптар елінде»  атты кітапханаға саяхат

27.01.2023 Выкл. Автор editor
«Сиқырлы кітаптар елінде»  атты кітапханаға саяхат

 

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 27-сі күні   «Балалыққа кітаппен барар жол»  жобасы аясында «Бауырсақ» қуыршақ үйірмесі мүшелерінің қатысуымен  «Сиқырлы кітаптар елінде»  атты кітапханаға саяхат өткізілді.

    Мақсаты: Балаларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту, кітапты сүюге баулу, кітапты дұрыс таңдауға, кітап ұстау ережелері туралы мағлұмат бере отырып, кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу.

Оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында «Бауырсақ» қуыршақ үйірмесі мүшелері  кітапханаға саяхатқа келді. Балаларға кітапхана туралы және ережелерінен жалпы мағұлматтар берілді. «Балғын балалар біздің болашағымыз» атты  кітап көрмесіне қойылған жаңа әдебиеттермен таныстырылып, білім әлеміне саяхат жасадық. Балаларға қордан жинақталған топтамаларды да ұсындық. Ең қызықты ертегілер, сансыз сұраққа жауап беретін энциклопедиялар мен көркем суретті балалар кітаптары ұсынылды.