«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кітап көрмесі

19.01.2023 Выкл. Автор editor
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кітап көрмесі

 

2023 жылдың 19 қаңтар күні Құттықожа ауылдық кітапханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған ұтымды ұсыныстары мен нақты тапсырмаларын көпшілікке таныстыру. Президенттің алға қойған мақсаттарымен оқырмандарды таныстыру, жастардың сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

Шара барысында кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып, негізгі бағыттарға тоқталып өтті. Сондай-ақ Жолдауда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, экономикалық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық саласын дамыту, экологиялық даму мәселелері қамтылған. Бірқатар тақырыптар талқыланып, пікірлер айтылды. Кітапхана мен ауыл жастары жолдауды бірауыздан қолдайтындарын айтып өтті.

Көрмеге Қ.Тоқаевтың бес томдық кітаптары мен баспасөзге шыққан мақалалары және т.б. материалдар қойылды.