«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кітап көрмесі мен талқылау сағаты
20.01.2023Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 20-сы күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кітап көрмесі мен талқылау сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға қоғамда болып жатқан өзгерістерге өз ойларын жеткізе білу, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің заңдарын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған ұтымды ұсыныстары мен нақты тапсырмаларын көпшілікке таныстыру, ой-пікір алмасу. Осы мақсатта кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. №247 жалпы орта мектебінің қызметкерлері Жолдаудың мазмұнымен таныса отырып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.