«Ұлт келешегі — ұстаздың қолында» атты өнеге сағаты
13.01.20232023 жылдың 13 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ ССР білім беру үздігі, ұлағатты ұстаз, қаламгер ақын, Хадиша Баязитованың 85 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында «Ұлт келешегі — ұстаздың қолында» атты өнеге сағаты өткізілді. Шараға N55 С.Қожанов атындағы орта мектептің тәлімгері Көркем Искакова, «Көкжиек» поэзия сүюшілер клубының мүшелері, 11сынып оқушылары қатысты. Аталмыш тақырыпта қатысушылар назарына құнды туындылар арқылы қазақ руханиятына сәуле шашқан шығармашыл жан Хадиша Баязитқызының өмірі мен шығармашылығы жайлы презентация ұсынылды.
Мақсаты: Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау, отбасылық тәрбиелеу ісінде ақын, ұстаз — ананың ұлағатты өмірін үлгі ете отырып, жасөспірімдердің бойында адамгершілік, мәдени дәстүрлерді қалыптастыру.
Іс-шара барысында Хадиша Бязитқызының ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылығын насихаттайтын, қоғамда өзекті мәселеге айналған әйелдің ері алдындағы міндеті, имани жүрек, жан тазалығы хақындағы «Бақытымды босағамнан күтемін» атты алғашқы жинағынан «Қызым саған айтам», «Бақытымды босағамнан күтемін» атты шығармаларына шолу жасалды.
Оқушылар «Ақынға»,»Қазақ әйелі», «Анама хат» атты жырларын оқыды.