«Аспантаудың ақиығы» атты кітап көрмесі

31.01.2023 Выкл. Автор editor
«Аспантаудың ақиығы» атты кітап көрмесі

А.Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, драматург Б.Мұқайдың туғанына 70 жыл толуына орай «Аспантаудың ақиығы» атты кітап көрмесі жасақталды.

Мақсаты: Мұқайдың шығармаларын талдау арқылы, халық арасында кітап оқуды кеңінен насихаттау. Қатысқан оқырмандар қарымды қаламгер, дарынды драматург, публицист Баққожа Мұқайдың шығармалары төңірегінде мазмұнды талдаулар жасап, жазушының ел әдебиетіне қосқан сүбелі еңбектері жайында баяндады.

Көрмеге кітапхана қорындағы «Бес томдық шығармалар жинағы» 1,2,3,4,5 томдары, «Дүние кезек», «Өмірзая» және т.б. кітаптары қойылып, оқырман қауымға ұсынылды.