«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты тұрақты кітап көрмесі

17.02.2023 Выкл. Автор editor
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты тұрақты кітап көрмесі

17 ақпан күні А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау мақсатында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты тұрақты кітап көрмесі жасақталған. Кітапханамыздың жаңадан келген оқырмандарына Ә.Жаханова кеңінен таныстырып, Жолдаудың үшінші бағдары бойынша жастарға жан-жақты қолдау көрсету.

Мақсаты : Мемлекет алдында тұрған ең биік мақсат – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Халықтың әлеуметтік ахуалын арттыра түсу. Осындай мақсаттар толық орындалғанда әл-ауқаты артқан әділетті мемлекет атанып, біртұтас ұлттың берекелі қоғамы өмір сүреді. Біз бәріміз – әділетті мемлекет құру жолында қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік!