«Денсаулығым – байлығым» атты кітап көрмесі

23.02.2023 Выкл. Автор editor
«Денсаулығым – байлығым» атты кітап көрмесі

23 ақпан күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында  жаратылыстану, денсаулық және медицина туралы әдебиеттерді насихаттау мақсатында  «Денсаулығым – байлығым» атты кітап көрмесі жасалып, оқырмандарға таныстырылды.

Кітап көрмесіне «Денсаулық» энциклопедиясы, «Егде жастағы денсаулық» медициналық анықтамалығы, т.б денсаулық туралы қалам тербеген қаламгерлер У.Жарқынбайдың  «Саулық кілті өз қолында», Ә.Мұқашбековтың «Аштықты ұстау денсаулықлық кепілі», М.Мырзабековтың «Жазатайым жарақат алсаңыз»,  «Дұрыс тамақтана білесің бе?», «Дәрігер мерейі», «Ауру емі – алдын алу» атты кітаптар осы заманғы денсаулыққа байланысты маңызды проблемаларды емдеу мәселелері туралы ақпарат алуға болатын құнды материалдар ұсынылды.