«Ұлы Дала елі» тақырыбында дөңгелек үстел

25.01.2023 Выкл. Автор editor
«Ұлы Дала елі» тақырыбында дөңгелек үстел

Құттықожа ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында  «Ұлы Дала елі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Болашаққа деген сенімін, ой — өрісін дамыту. Болашақ ұрпақтарымызды рухани жаңғыруға және ескі көне дәстүрімізді, елінің мұрасын қастерлеп оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Шара барысында «Ұлы даланың жеті қыры» атты слайд көрсетіле отырып таныстырылды. Кітапханашы А.Бейсенбиева «Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Дөңгелек үстелдің қатысушылары, оқушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттары жайлы өз ойларымен бөлісті. Жас толқын жаңа буынға рухани тәлім-тәрбие берер сұхбат өзара пікір алмасуға ұласты. «Сұрақ — жауап» атты сергіту сәті де ұйымдастырылды.