«Ұлт жаңғыруына жол ашқан бағдарлама» тақырыбында оқырмандармен дөңгелек үстел

24.02.2023 Выкл. Автор editor
«Ұлт жаңғыруына жол ашқан бағдарлама» тақырыбында оқырмандармен дөңгелек үстел

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24 ақпан күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «Ұлт жаңғыруына жол ашқан бағдарлама» тақырыбында оқырмандармен дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Бағдарламалық мақаланың негізгі идеялары мен басым бағыттарын кеңінен нпсихаттау, жастарды отансүйгіштікке, өз елін, тарихын, салт – дәстүрін білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Шараны  кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, оқырмандарға «Ұлт жаңғыруына жол ашқан бағдарлама» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мүдделер сөз болды.