«Дін -тәрбиенің рухани тірегі » атты дөңгелек стол
17.02.202317 ақпан күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дін -тәрбиенің рухани тірегі » атты дөңгелек стол өтті.
Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету.
Шараға Ауыл имамы Е.Жусипов, қажы, ардагер ұстаз З.Әбжаппаров, №208 жалпы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Әбжаппаров Зайыр қажы өз сөзінде шараға қатысқан оқырмандарға, жастарға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Кездесу барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің дұрыс ағымдары мен имандылық пен әдептілік туралы айтылды.
«Діні қуатты елдің – іргесі берік» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ш.Әлжан библиографиялық шолу жасады.