«Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруы» атты ақпараттық сағат

06.02.2023 Выкл. Автор editor
«Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруы» атты ақпараттық сағат

6 ақпан күні Байкенже ауылдық кітапханасы мен клуб үйінің бірлесуімен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруы» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Шара барысында клуб қызметкері Б.Маханбетова «Көне дүние күмбірі» атты баяндама жасап, бір қатар сұрақтар қойылып талқылау жасады.

Сондай-ақ кітапханашы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кітап көрмесімен таныстырып шықты. Көрменің мақсаты: Мемлекет басшасы Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған ұтымды ұсыныстары мен нақты тапсырмаларын көпшілікке таныстыру.