«Туған жер-көрікті мекенім» атты өлке сағаты

14.03.2023 Выкл. Автор editor
«Туған жер-көрікті мекенім» атты өлке сағаты

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен және «Ғасыр» қызығушылар клубы мүшелерінің қатысуымен наурыз айының 14-і күні «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Туған жер-көрікті мекенім» атты өлке сағаты өткізіліп, оған «Туған жердің таналттары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу;

Шара барысында оқырмандарға өз өлкеміздің тарихы мен бүгіні жайлы, өңірде туып, туған жерден, топырақтан нәр алып, туған жердің абыройын асқақтатып жүрген белді ел азаматтарымыз, өлкеміздің  мәдениетінің гүлденуіне үлес қосқан тұлғалары, ақын-жазушылары жайында мәліметтер беріліп, кітапханашы «Туған жердің таланттары» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасады. Слайд-шоу арқылы оқырмандарға елді мекеніміздің көрікті жерлері көрсетілді.

Өлке сағатында жергілікті ақын, жазушыларымыз туралы оқырмандар да өз ойларын ортаға салып кештің қызықты өтуіне атсалысып жерлес ақындарымыз Сүлейменов Тұрар, Бақтыбай Айнабековтың өлеңдерін оқыды.