8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара
07.03.2023№1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараны кент әкімі А.Ибрагимов ашып, мерекемен аналарымызды, аруларымызды құттықтап, марапаттар табыстап өтті. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, кітап көрмесі безендіріліп, келген қонақтарға таныстырылып, соңында ақ дастархан жайылып, қонақтарымызға тарту етілді.
Шараның мақсаты: Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, 8-наурыз халықаралық әйелдер күнін атап өту, оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Көрмеге оннан аса кітаптар мен суреттер, көрнекіліктер қойылды. Көрмені бірінші кенттік кітапхананың кітапханашылары таныстырып өтті.