«Адам жанын тазартатын жазушы» атты әдеби сағат
03.04.20233 сәуір күні Келінтөбе ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап 2023» республикалық акция аясында жыл кітабы болып ұсынылған қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттауға арналған «Адам жанын тазартатын жазушы» атты әдеби сағаты өткізілді.
Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, рухани мұрасы жайлы терең білуге насихаттау.
Шара барысында кітапханашы Р.Уалишерова «Бір ел-бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастау алып жыл сайын оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жалғасып келе жатқанын, биылғы жылға жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармалары ұсынылғанын айта келіп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап берсе, клуб үйінің әдіскері Ш.Сағынтаева «Оң қол» шығармасына кеңінен тоқталып шығарма сюжетін айтып берді. Оқушылар жазушының шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтылды. Кітапханашы «Ойы ұшқыр-қаламы жүйрік жазушы» атты кітап көрмесімен таныстырды.