«Білгірлер мен тапқырлар» әдеби викториналық ойын

04.04.2023 Выкл. Автор editor
«Білгірлер мен тапқырлар» әдеби викториналық ойын

4 сәуір күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Білгірлер мен тапқырлар» атты әдеби викториналық ойын өткізілді. Шараға N286 мектептің 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Гүлмира Егізбаева, мектеп кітапханашысы Меруерт Сыздықбаева қатысты.

Шара барысында кітапханашы оқушыларды  «Білгірлер мен Тапқырлар» атты екі топқа бөліп, викторинаның  кезеңдерімен  таныстырды. Оқушылар бірінші  «Сиқырлы кейіпкерлер»  атты кезеңде ертегі кейіпкерлері туралы  сұраққа жауап берсе, 2-ші кезеңде «Жұмбақты тап»  кезеңінде  ертегі жұмбақтарды шешті, үшінші  «Кім тапқыр?» атты кезеңінде логикалық сұрақтарға жауап берді. Соңғы шешуші «Кім шапшаң» атты  төртінші кезеңде  берілген  мәтіннен  қандай ертегі екенін тауып, ертегіні толық айтып берді. Шара соңында саралай келе «Тапқырлар» тобын жеңімпаз етіп  жариялады.