«Тілек» өлеңіне талдау
12.04.2023№1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен Бұқар жыраудың туғанына 330 жыл толуына орай «Тілек» өлеңіне талдау жасалынды. №125 С. Сапарбеков атындағы мектептің оқушылары, мұғалімдері қатысты.
Шара барысында кітапханашы Бұқар жыраудың өмірбаянымен таныстырса, оқушылар Бұқар өлеңдерін, толғауларын жатқа айтып, соның ішінде «Тілек» өлеңіне талдау жасалды. Оқушылар әр өлеңдерінің мағыналарын жеке-жеке түсіндіріп, ашып айтып шықты. Бағила апай мен кітапханашы Жазира апай да өлеңдер арасында жиі кездесетін араб тіліндегі сөздердің мағыналарын да оқушыларға түсіндіріп өтті.