«Поэзия пірі — Мағжан» атты поэзия кеші

07.04.2023 Выкл. Автор editor
«Поэзия пірі — Мағжан» атты поэзия кеші

2023 жылдық  сәуір  айының 7  күні  Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Сардар» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен, ақын  Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Поэзия пірі-Мағжан» атты поэзия кеші болып өтті. Мақсаты: М.Жұмабаевтың шығармашылығын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Шараға №208 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тойиманова Бибіжан  мен  мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында «Сардар» қызығушылық  клуб   мүшелері  «Көбелек»,  «Қарағым», «Алдамшы өмір» «Туған жерім –Сасықкөл», «Қазақ тілі», «Көкшетау», «Өмір», «Әже» өлеңдерін оқыды. Шараның соңында сөз алған кітапханашы Ш.Әлжан қатысушыларға, алғысын білдіріп, Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы, шығармашылығымен таныстырып өтті. Шара соңында Мағжан Жұмабаевтың жарық көрген кітапхана қорындағы кітаптары мен оқырмандар танысты.