“Сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін жат қылық” атты ақпараттық сағат
18.04.2023
2023 жылдың 18 сәуір күні Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық кітапханасы мен клуб үйімен бірлесе отырып “Сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін жат қылық” атты ақпараттық сағат болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдықты үйрету, патриоттық тәрбие қалыптастыру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және адал, әділетті болуға, оқушыларды еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР- на адал қызымет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шара барысында оқырмандарға жемқорлық жайлы ақпараттар мен заңдар туралы мағлұмат беріп, өз ойларын айтып, ақпараттар жинақтады.