«Балалар әдебиетінің абызы» атты әдеби кеш
04.05.20234 мамыр күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында Жаңақорған ауданының тумасы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, балалар ақыны А.Сопыбековтың туғанына 86 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің абызы» атты әдеби кеш болып өтті.
Мақсаты: Балаларға А.Сопыбековтың шығармаларын насихаттау, жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Жаңақорған аудандық кітапханасының директоры А.Тилеубергенова балалар ақыны А.Сопыбековтың өлеңдерімен шығармаларына тоқталып кешті ашып берді.
Шараның барысында Шараның қонағы ақынның жары Шарипа анамыз қатысып, балаларға ыстық лебізін білдірді. Адырбек атамыздың әрбір өлеңдері бала тіліне ыңғайлы, жүрегіне жақын бола білді. «Daryn school» мектебінің оқушылары ақынның «Қайшы», «Біз бақытты баламыз», «Домбыра» , «Көбелек» атты өлеңдерін жатқа айтты. «Қазақстан пионер» (қазіргі » Ұлан «) газетіне тума талант ақын ағамыздың республикалық баспасөзде жарық көрген тұңғыш өлеңдерінің бірі «Сапар мен парта» атты өлеңіне қөрініс қойылды. №51 мектеп оқушысы Омар Іңкәр жерлесіміз ақын Ф.Сахиевтің «Өлеңінен керемет сыр өрілген» атты өлең жолдарын оқыды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Р.Өскенбай » Ана», «Балалық шақ» әндерін орындап керемет көңіл күй сыйлады. Кеш соңында кітапханашы «Балалар жүрегінің бағбаны» атты кітап көрмесімен көпшілік оқырмандарды таныстырды.