«Мен өз жерімді жырлаймын» атты челлендж

20.03.2023 Выкл. Автор editor
«Мен өз жерімді жырлаймын» атты челлендж

2023 жылдың 20 наурыз бен 27 сәуір аралығында Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Мен өз жерімді жырлаймын» атты челлендж ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өскелең ұрпақты туған жерін, елін сүюге, тарихи орындарды қастерлеуге тәрбиелей отырып, өлке тарихына қызығушылықтарын ояту.

Челлендж барысында біздің оқырмандарымыз бен «Көкжиек» поэзия сүюшілер клубының мүшелерінен 19 адам қатысты. Атап айтатын болсақ кітапанамыздың тұрақты оқырманы, Бірлік халық театрының режиссері Н.Қыпшақбаева «Туған жер»,  №7 «Қызғалдақ» бөбекжайының меңгерушісі Г.Момынханова «Ауылым алтын бесігім», желідегі онлайн оқырманымыз А.Есіркепова « Ауылым менің-Бірлігім», жас ақын А.Нысанбекұлының «Туған жер» атты өлеңдері мәнерлеп жатқа оқылды. Сонымен қатар  М.Оспановтың сөзіне жазылған Б.Берділлаевтың «Ақүйік – алтын бесігім, А.Ұлымбетовтың сөзіне жазылған У.Ибрагимовтың «Туған жерім тірегім, өзің деп соққан жүрегім» атты әндері шырқалып көпшіліктің көзайымына айналды.