“Естен кетпес ерліктер” атты тақырыптық кеш
05.05.2023
2023 жылдың 5 мамыр күні Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен № 208 орта мектепте “Парасат жолы” жобасы аясында жеңіс күніне орай “Естен кетпес ерліктер” атты тақырыптық кеш болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларды адамгергілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Шара барысында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Ақылбек жеңіс мерекесімен құтықтап, оқушылар «Ана туралы баллада», «Катюша», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Майданға», , «Болмасын соғыс», «Майдангерлер», «Жеңіс күні» т.б өлеңдер орқып, әндер айтылды.