«Қасірет құрбандарына мәңгі тағзым» тақырыпта танымдық сағат
31.05.2023
Сүттіқұдық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасірет құрбандарына мәңгі тағзым» тақырыпта танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: Қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу және жастарға тереңдете түсіндіру. Олардың санасын оятып, адамгершілікке тәрбиелеу. Жастардың бойына отансүйгіштік, патриоттық , батырлық сезімін, төзімділік қасиеттерін дарыту.
Шара барысында кітапханашы «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыпта кітап көрмесімен таныстырып, қуғын-сүргін құрбандары жайлы мәлімет беріп, қойылымдар қойылды.