«Тарихтан тағлым — өткенге тағзым» атты рухани танымдық кеш

26.05.2023 Выкл. Автор editor
«Тарихтан тағлым — өткенге тағзым» атты рухани танымдық кеш

Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағлым — өткенге тағзым» атты рухани танымдық кеш болып өтті.

Мақсаты Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, ортақ құндылықтар қалыптастырып, ұлттық жадыны жаңғырту және тарихи тәжірибені болашақ ұрпаққа жеткізу.

Елдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын, қызыл террордың қылышынан баудай қырылған бабалар рухына арналған шарада кітапханашы Жібек Тұрымбетова тақырыптық танымдық материал мен суретті мәліметтерден топтастырылған көрмеге библиографиялық шолу жасалынды.

Ауыл әкімдігінің жетекші маманы Қыдырбаев Қоныс репрессия құр­бандарының жанкешті тағдыры, ұлттың тамырына балта шапқан кеңестік жүйедегі солақай саясаттың сызы туралы тарихи мағлұматтарды алға тартты. Клуб үйінің сүймелдеушісі Нұрбаев Сұлтан 4 миллионнан астам адамның ажалына себепші болған зобалаң зардабын естен шығармау — бүгінгі ұрпақ парызы екенін атап өтті. Жиналған жастар арасынан Жәнібекова Аида жастар атынан сөз сөйлеп, «Қасиетті күн енді қайтып келмесін» деген ниетін жеткізді. Кітапхананың тұрақты оқырманы сұрапылда шейіт болған ұлт арыстарының рухына құран бағыштады.