«Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер» атты ақпараттық сағат
31.05.2023
Сунақата ауылдық кітапханасында 31.05.2023 жылы 31 мамыр саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер» атты ақпараттық сағат болып өтті. Шараны кітапханашы Р.Сәдірбаева ашып қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, елімізде болған ашаршылық жайлы кеңінен тоқталып өтті. Кешке қатысып отырған ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Е.Жанболат №10 Айгүл бала бақшасының меңгерушісі Г.Матеева, Г.Бейсенбаева қаншама еліміздің зиялы қауым өкілдері қуғын-сүргін құрбандары болғанын, ашаршылық жылдары Қазақстан қаншама боздақтарынан айырылғанын айтып, ендігі жерде елімізде тек қана бейбітшілік болсын деген пікірлерімен бөлісті. Мақсаты: Саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу,олардың өмір жолдарымен таныстыру,өткен тарихамыздан тағлым алу.