«Өлкем менің, мақтанамын өзіңмен» атты әдеби кеш
12.05.2023Жаңақорған ауданына 95 жыл толуына орай А.Сопыбеков атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Өлкем менің, мақтанамын өзіңмен» атты әдеби кеш болып өтті. «Жасампаздық жолындағы Жаңақорған» атты кітап көрмесімен кітапханашы З.Садықова таныстырып, әдеби кешіміз көркем сөз оқу мен әсем әнмен жалғасты. Оқырмандарды сергіту және Жаңақорған тарихын ұғындыру мақсатында әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Кеш соңында жақсы ат салысқан оқырмандарға сый-сияпат табысталды.
Мақсаты: Оқырмандарды Жаңақорған тарихымен таныстырып, өз елін сүюге тәрбиелеу.