«Күн астында күн күлсін, бірге күлсін бүлдіршін» атты мерекелік кеш

26.05.2023 Выкл. Автор editor
«Күн астында күн күлсін, бірге күлсін бүлдіршін» атты мерекелік кеш

26 мамыр күні 1 маусым –  Халықаралық балаларды  қорғау күніне орай «Күн астында күн күлсін, бірге күлсін бүлдіршін» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Шара барысында «Балалардың игілігі үшін» атты республикалық акциясы аясында бекітілген  іс-шаралар жоспары бойынша бүлдіршіндер  флешмоб билеп, түрлі форматта асфальтқа  сурет салды. Балабақша бүлдіршіні Адина Түгелбай «Маленькая страна» әнін айтып, балалар тәрбиешілерімен бірге би биледі. Шара соңында бүлдіршін Жалғас Айарудың туған күн кеші тойланып, балалар тәтті жеп, шат-шадыман болды.