Әжімбет Шахмардан Мұхамедиярұлының түсіндірме жұмысы

13.06.2023 Выкл. Автор editor
Әжімбет Шахмардан Мұхамедиярұлының түсіндірме жұмысы

13 маусым күні А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың оқу залында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында облыстық ақпараттық түсіндірме топтың мүшесі Әжімбет Шахмардан Мұхамедиярұлы келіп қызметкерлер арасында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Шара барысында қызметкерлерге дін мен мемлекеттің түйісер жері-елдің тұтастығы және қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы екендігі, сондықтан екі тараптың өзара бірігіп әрекет ететін кеңістігін, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап және жетілдіріп отырудың маңызы зор екендігі айтылып, қызметкерлер өз ойларын айтып, сұрақтар қойып жауаптарын алды. Мақсаты: Экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.