«Балалық шақ, балдырған» тақырыбында ертеңгілік
31.05.2023
Түгіскен ауылдық кітапхана мен клуб үйінің бірлесуімен 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ, балдырған» тақырыбында ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балаларға қуаныш сыйлау, олардың көңілдерін көтеру, қамқорлық жасау. Кішкентай бүлдіршіндерімізді өнерге баулу, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Мерекелік шараны ауыл әкімдігінің жастар маманы С.Құтпанбетова балаларды мерекелерімен құттықтап, балаларға арналған сыйлықтарын табыстады. Кітапханашы А.Көшербаев «Бар жақсы балаларға» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, балалар «Анашым», «Бүлдірген», «Оқуда озат боламын», «Тәрбиеші», «Қазақстаным», «Мен мектепке барамын» атты өлеңдерін жатқа оқып, «Буратино» «Заманауи қара жорға», «Чунга – чанга», «Гүлдер» атты билерін биледі.