«Тарихтан тағлым, өткенге тағзым» атты еске алу кеші
31.05.2023
31 мамыр күні Қожамберді ауылдық кітапханасымен клуб үйінің бірлесуімен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағлым, өткенге тағзым» атты еске алу кеші өткізілді.
Мақсаты: Қуғын–сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімін еске алу. Өткен тарихымыздан тағылым ала отырып бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру.
Шара барысында қуғын-сүргін құрбандарының рухтарына құрмет көрсетіліп құран бағышталды. Кітапханада кітапханашы С.Мұстапаева саяси қуғын-сүргін туралы әдебиеттермен таныстырып қысқаша түсінік беріп шолу жасады.
